Қытай Сирияда тез арада тұрақтылық орнайды деп үміттенеді - Қытай СІМ

АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Сириядағы оқиғаларды жіті бақылауда. Бұл туралы жексенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Қытай Сирияда тез арада тұрақтылық орнайды деп үміттенеді - Қытай СІМ
Фото: wikipedia.org

Онда Қытайдың Сириядағы жағдайды жіті қадағалап отырғаны және Сириядағы тұрақтылық тезірек қалпына келетініне үміттенетіні атап өтілген.

- Біз Сириядағы тиісті тараптарды Сириядағы Қытай мекемелері мен персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін практикалық шаралар қабылдауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Бұған дейін ЕО-ның Еуропалық сыртқы әрекет қызметі Сириядағы жағдайға қатысты қысқаша мәлімдеме жасаған болатын.

Сириялық оппозиция Дамаскінің Асад режимінен азат етілгенін жариялады.

Сирия президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа ұшып кетті. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар