Қытай Сыртқы істер министрі АҚШ-ты тарифтер мен сауда соғысы саясатын қайта қарауға шақырды

АСТАНА.KAZINFORM — «Екі сессия» аясында өткен брифингте ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Қытайдың тариф мәселесіне қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қытай Сыртқы істер министрі АҚШ-ты тарифтер мен сауда соғысы саясатын қайта қарауға шақырды
Фото: Руслан Сулейменов / Kazinform

— АҚШ осы жылдардағы тарифтер мен сауда соғыстарынан не ұтқанын талдауы керек. Сауда тапшылығы өсті ме, әлде төмендеді ме? Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі өсті ме, әлде төмендеді ме? Инфляция жақсара ма, әлде нашарлады ма? Адамдардың өмірі жақсарды ма, әлде нашарлады ма, — деді Ван И.

Ол Қытай мен АҚШ экономикалық және сауда қарым-қатынасы өзара байланысты екенін баса айтты. Егер АҚШ ынтымақтасса, екі жақ та тиімді және ұтымды нәтижелерге қол жеткізеді, ал қысым жасалса, Қытай оған табанды түрде қарсы тұрады.

Айта кетейік, наурыз айында Қытай билігі АҚШ-тың Қытайдан келетін тауарларына қосымша баж салығын енгізуіне байланысты ДСҰ дауларды реттеу механизмін іске қосқан болатын.

Осы аптада Бейжіңде бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы, парламент) және Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің (ҚХКК) жыл сайынғы сессиялары ашылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытайдың ЖІӨ өсу қарқыны 2025 жылы шамамен 5%.