Қытай стратегиялық минералдарға бақылауды күшейтеді
АСТАНА.KAZINFORM - Қытай билігі стратегиялық пайдалы қазбалардың шетелдерге заңсыз өтуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтпекші. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

— Минералды ресурстарға стратегиялық бақылау оның қайнар көзінен басталып, өндіру, балқыту, өңдеу, тасымалдау, сату және экспорттау сияқты бүкіл тізбекті қамтуы керек, — деп келтіреді Global Times Қытайдың Сауда министрлігі өкілінің сөзін.
Қытайдың сирек кездесетін минердардарына экспорттық бақылауы АҚШ қорғаныс өнеркәсібіне ауыр соққы болуы мүмкін, деп жазады Global Times.
Бұған дейін Global Times америкалқ БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Қытайдың кейбір орташа және ауыр минералдарына, соның ішінде авионика үшін маңызды ресурстарға экспорттық бақылауды енгізу туралы сәуірдегі мәлімдемесі АҚШ-тың алтыншы буын F-47 жойғыш ұшағы жобасына соққы беруі мүмкін екенін атап өтті.
4 сәуірден бастап Қытай сирек кездесетін бірнеше металдың экспортына шектеу қойды.
Сол кезде Қытайдың Сауда министрлігі мәлімдеме жасап, Қытай үкіметі сирек кездесетін металдарға экспорттық бақылау енгізіп жатқанын айтқан.
Экспорттық шектеу қойылатын сирек металдар тізіміне самарий, тербий, скандий, иттрий және басқа жеті метал кіреді.
Айта кетейік, Қытай жоғары технологиялық құрылғыларды өндіруде кеңінен қолданылатын сирек жер металдарын әлемдегі ең ірі жеткізушілердің бірі саналады.
Айта кетелік Қытайдағы түнгі базарда атыс болып, екі адам қаза тапқан еді.