Қытай табиғи апаттан зардап шеккендерге 142 миллион доллар бөлді

Қытай Халық Республикасы Қаржы министрлігінің хабарлауынша, қаржы Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігімен, сондай-ақ Су ресурстары министрлігімен бірлесіп бөлінген.
Қаржы әртүрлі мақсаттарға бөлінеді. Қаражаттың бір бөлігі Бейжің, Хэбэй, Ішкі Моңғолия, Гуандун және басқа да аймақтардағы су тасқынының зардаптарын жоюға жұмсалады. Көмек егінді қайта егуге және зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіруге субсидияларды қамтиды.
Қаржының тағы бір бөлігі Шаньдун, Хэнань, Хубэй провинцияларындағы және басқа аймақтардағы құрғақшылықпен күресуге арналған. Қолдау топырақты тыңайту, көшеттерді сақтау, суару және ұңғымаларды бұрғылау сияқты іс-шараларды қамтиды.
Еске салайық, тамыз айында жергілікті билік Бейжің, Тяньцзинь, Хэбэй және Гуандун провинцияларында су тасқынына қарсы әрекет ету деңгейін арттырған болатын. Қытай астанасында 82 мыңнан астам азамат эвакуацияланды. Гуандун провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тау көшкінінен 7 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Еске салсақ, бұған дейін Қытай қоршаған ортаны сауықтырудың бес жылдық жоспарын жариялағанын жазған едік.