Қытай теміржолдары бір күндік жолаушылар ағыны бойынша рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда ҚХР құрылған күнге орай мерекелік демалыс басталған 1 қазанда теміржол көлігімен бір тәулікте рекордтық 25,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Железные дороги Китая установили рекорд по однодневному пассажиропотоку
Фото: Xinhua

2 қазанда жолаушылар тасымалының көлемі 20,4 млн адамға жетеді деген болжам бар. Сұранысты қанағаттандыру үшін тасымалдаушы қосымша 1 462 пойызды іске қосуды жоспарлап отыр.

Жолаушылар ең көп жөнелтілген қалалар қатарында Бейжің, Гуанчжоу, Шанхай, Чэнду, Шэньчжэнь, Ханчжоу, Ухань, Сиань, Чжэнчжоу және Нанкин бар.

Жүктемесі жоғары бағыттардың қатарында «Сиань – Чэнду», «Бейжің – Шэньян», «Бейжің – Чжэнчжоу» және «Бейжің – Циндао» бағыттары аталды.

Қытай теміржолдары Күз ортасы мерекесі мен ҚХР құрылған күніне орай 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығындағы демалыс кезеңінде шамамен 284 млн жолаушы тасымалдайды деп күтілуде.

Бұған дейін Қытайда теңіз астындағы ең ұзын автожол туннелін қазу аяқталғаны туралы жадық.