Қытай төмен орбиталы жерсеріктер тобын ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай 10 қараша күні Хайнань провинциясындағы коммерциялық ғарыш айлағынан төмен орбиталы жерсеріктердің жаңа тобын сәтті ұшырды, деп хабарлайды Синьхуа.

жерсерік
Фото: Синьхуа

«Чанчжэн-12» зымыран-тасығышы Бейжің уақытымен сағат 10:41-де ұшырылып, жоспарланған орбитаға интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған 13 жерсеріктен тұратын топты жеткізді.

Бұл ұшыру Қытайдың төмен орбиталы байланыс және ғаламдық интернет желісін дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Айта кетейік, Қытайдың ғарыш аппараты жұлдызаралық объектіні алғаш рет жақыннан бақылады.

Соңғы жаңалықтар