Қытай уақытша әуе маршруттарын тұрақты бағыттарға теңестірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай әуе кеңістігін тиімді пайдалану және авиация саласын дамыту мақсатында уақытша әуе бағыттарын басқару шараларын қайта қарады. Бұл туралы Синьхуа елдің Әуе қозғалысын басқару жөніндегі орталық комитеттің кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа ережелер уақытша бағыттардың қызметін кеңейтіп, оларды тұрақты маршруттармен теңестіреді.
Бұл өзгеріс әуе компанияларына ұшу жоспарларын бірізді тәртіппен ұсынуға мүмкіндік беріп, маршруттардың қашықтығын қысқартуға және көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, бағыттарды пайдалану тәртібі өтініш беру жүйесінен хабарлау жүйесіне көшіріледі: бағыттар тұрақты түрде ашылып, өзгерістер туралы алдын ала хабарланып отырады. Бұл ұшуларды жоспарлау тиімділігін арттырады.
Жаңартылған ережелер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Құзырлы орган бағыттардың тиімділігін бағалап, қажет болған жағдайда оларды жедел түзетіп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін хабарлау жүйесін жетілдіріп отырады.
Бұған дейін Си Цзиньпин Түрікменстаннан Қытайға газ жеткізу көлемін ұлғайтуға шақырғанын жазған болатынбыз.