Қытай жаңа iPhone 17 смартфондарын әлемге экспорттауға дайындалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Apple компаниясының жаңа iPhone 17 сериясы жаһандық нарыққа шығуға дайын. Бұл үдерісте Қытайдың өндірістік экожүйесі тағы да басты рөл атқарып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Apple может перенести сборку iPhone из Китая в Индию
Фото: cnbc.com

Негізгі орталық — Чжэнчжоу қаласындағы Foxconn зауыты. Бұл әлемдегі ең ірі iPhone құрастыру базаларының бірі және Қытайдың электроника өндірісіндегі ауқымының символы саналады.

Зауыт қазіргі таңда толық қуатта жұмыс істеп, жаһандық сұранысты қанағаттандыру үшін жұмысшылар санын арттыруда. Foxconn кадр қабылдау орталығының алдында күн сайын мыңдаған адамнан ұзын-сонар кезек пайда болып жатыр.

«Шілденің соңынан бері біз күн сайын мыңдаған үміткерді қабылдап отырмыз. Бұл жағдай қыркүйектің соңына дейін жалғасады деп күтілуде», — деді Foxconn кадр бөлімі басшысының орынбасары Фан Сымин.

Зауыт өндірістің ең жоғары кезеңінде ондаған мың адамды уақытша жұмысқа алады. Олар құрастыру, сапаны бақылау және қаптау жұмыстарымен айналысады.

Хэнань провинциясының тұрғыны Чжао Яньхуэйдің айтуынша, үш айлық жұмыс оған және әйеліне 40 мың юаньнан астам (шамамен 5600 АҚШ доллары) табыс әкелмек.

«Бұл өңірдің орташа табысынан әлдеқайда көп», — деді ол Синьхуаға берген сұхбатында.

Чжэнчжоу бүгінде ірі көлік торабына айналған. Мұнда 8 халықаралық жүк әуе бағыты жұмыс істейді, олар Еуропа, Америка және Азиядағы 24 елдің 100-ден астам қаласын байланыстырады. Жаңа iPhone партиялары әлемге әуе, теміржол және автокөлік арқылы жөнелтіледі.

Foxconn кешені «қала ішіндегі қала» деп аталады. Онда жұмысшыларға арналған тұрғын аймақтар мен бір мезетте 12 мың адамға қызмет көрсете алатын, жасанды интеллект жүйесі енгізілген асханалар бар. Мұндай жағдайлар өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Қытай энергияны тиімді есептеуге арналған ЖИ-ді таныстырды.

Соңғы жаңалықтар