Қытайда алғаш рет «қайта бағдарламаланған» панда жасушалары өсірілді
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайлық зерттеушілер алғаш рет Қытайда сирек кездесетін жануардың дәнекер тінінің қайта бағдарламаланған жасушаларынан үлкен пандалардың толыққанды дің жасушаларын алды. Бұл жаңалық ғалымдарды пандалар популяциясында генетикалық әртүрлілікті арттырудың жаңа әдістерін жасауға жақындатады, деп жазады ТАСС.
Зерттеушілердің Science Advances журналында жариялаған ғылыми мақаласына сәйкес, қайта бағдарламаланған дің жасушалары жыныс жасушаларын қоса алғанда, дене тінінің кең спектріне айналуға қабілетті.
«Бұл оларды сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, соның ішінде гаметаларын ұқсас жасуша ұрықтарынан алуға болатын пандаларды құтқару үшін пайдалануға мүмкіндік береді», — делінген зерттеуде.
Бұл жаңалықты Гуанчжоудағы (Қытай) негізгі регенеративті биология зертханасының ғылыми қызметкері Лю Цзин басқарған қытайлық молекулалық биологтар тобы үлкен пандалардың фибробласттарын (Ailuropoda melanoleuca) толыққанды қайта бағдарламаланған дің жасушаларына айналдыру бойынша тәжірибе жүргізу барысында жасады.