Қытай бензин мен дизель отынының бағасын уақытша шектеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасында бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша бақылау енгізілді, деп хабарлайды Синьхуа.
ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті халықаралық нарықта мұнай бағасының күрт өсуіне байланысты Қытайда дүйсенбіден бастап бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша бақылау шаралары енгізілетінін мәлімдеді.
Ведомство мәлімдегендей, бұл шаралар мұнай бағасының кенет өсуінің салдарын жұмсартуға, тұтынушыларға түсетін жүктемені азайтуға және экономиканың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, дүйсенбі күні бензин бағасы тоннасына 1160 юаньға (шамамен 168 АҚШ доллары), ал дизель отыны 1115 юаньға көтерілетін болады.
Бұдан бұрын Қытайда адамтәрізді роботтар саласында серпіліс жасау үшін ЖИ деректерін жинау орталықтары кең ауқымда салынып жатқанын жазған болатынбыз.