22:09, 30 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қытайда CR450 жүрдек пойызының прототипі таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM - CR450 жүрдек пойызы прототипінің жылдамдығы 450 км/сағ жетеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай темір жолдары компаниясының түсіндіруінше, CR450 пойыздары 400 км/сағ жылдамдықпен жүреді.
CR450 Қытай темір жолының технологиялық инновация деңгейін және технологиялық қамтамасыз ету қабілетін айтарлықтай арттырып, Қытайдың әлемдегі жоғары жылдамдықты теміржол технологиясы бойынша артықшылығын одан әрі күшейтетіні аталып өтті.
Қытайда пайдалануға берілген темір жолдардың жалпы ұзындығы 2024 жылы ғана 47 мың шақырымға жетті, 2300 шақырым жаңа темір жолдар пайдалануға берілді.
Осыған дейін Қытай байланыс технологиясын сынап көру үшін жаңа жерсерігін ұшырғаны туралы хабарладық.