Қытайда дата-орталықтар 2030 жылға қарай жалпы электр энергиясының 6%-ын тұтынады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың есептеу инфрақұрылымының энергия тұтыну көлемі 2030 жылға қарай 800 миллиард киловатт-сағатқа жетпек, бұл елдегі жалпы энергия тұтынудың шамамен 6%-ы, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі.
Бұл туралы бүгін Қытайдың Мемлекеттік энергетика басқармасының (МЭБ) 2026 жылдың алғашқы үш тоқсанындағы энергетика саласының даму нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Қытайда дата-орталықтар 2030 жылға қарай жалпы электр энергиясының 6%-ын тұтынады
Фото: Берік Табынбаев/Kazinform

— Жасанды интеллекттің қарқынды дамуына байланысты есептеу қуатына деген сұраныс болашақта да өсе береді. 15-ші бесжылдық кезеңінде (2026–2030) есептеу қуатын тұтынудың жылдық өсімі 100 миллиард киловатт-сағаттан асады, — деді МЭБ Электр энергетикасы департаменті басшысының орынбасары Тань Хунцзян.

2025 жылы Қытайдың дерек орталықтары шамамен 170 миллиард киловатт-сағат тұтынды, бұл елдің жалпы электр энергиясын тұтыну көрсеткішінің 1,6%-ы еді.

Өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырудың негізгі тетігі жақын маңдағы Күн және жел электр станцияларынан дерек орталықтарына арнайы желілер арқылы «жасыл» энергияны тікелей жеткізу болып отыр.

Басқарманың мәліметтері бойынша, биыл қыркүйек айының соңына дейін 24 провинцияға осы схеманы іске асыру ережелерін тапсырылды. Ел билігі есептеу инфрақұрылымына жаңартылатын энергияны тікелей жеткізу бойынша 12 жобаны мақұлдаған.
Ведомство бұл модель жасанды интеллект индустриясының қажеттіліктерін қанағаттандырып, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің тиімділігін арттыратынын атап өтті.

Бұған дейін Қытай ашық теңізде әлемдегі алғашқы су асты күн батареяларын сынақтан өткізген болатын.

Қытайда жасанды интеллект өндіріс пен экспорттың өсуіне ықпал етті.