Қытайда қабан 76 жастағы әйелді өлтірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясындағы елді мекендердің біріндегі үй ауласында қабан егде жастағы әйелді өлтірді, деп хабарлайды «Хуанцю шибао» басылымы.

76-летняя женщина погибла от нападения дикого кабана в Китае
Фото: кадр видеодан алынды

Жексенбі күні жергілікті тұрғындар Қытайдың Шэньси провинциясының уезінде егіс алқаптарына залал келтірген қабандарды аулауға шыққан. Аңшылардан қашқан қабанның бірі үйдің ауласына кіріп, әйел адамды қатты екпінмен қағып өткен. Соның салдарынан 76 жастағы осы кісі ауыр жараланып, көз жұмды.

Бұл оқиға Қытайда көпшіліктің назарын аударды. Бірқатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары адамның алдынан қабан шыққан кезде, қандай әрекеттер жасау керектігі жөнінде нұсқаулықтар таратты.

Бұған дейін қараша айында Қытайда жол талғамайтын көлік бір топ оқушыны басып кеткенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар