Қытайда Қазақстанның энергетикалық хаб ретіндегі мүмкіндіктері талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM – Вице-министр Бақытжан Ільяс ҚХР-дың жетекші энергетикалық корпорациялары – China Southern Power Grid, Huawei, Power China, China Datang және басқа да компаниялармен кездесіп, энергетикалық өтпелі кезеңнің өнеркәсіптік саясатын ескере отырып, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады 

Қытайда Қазақстанның энергетикалық хаб ретіндегі мүмкіндіктері талқыланды
Фото: Энергетика министрлігі

2025 жылғы 2–7 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің делегациясы вице-министр Бақытжан Ільяс бастаған құраммен «Қазақстан – энергетикалық өтпелі кезеңнің өндірістік хабы» тақырыбында роуд-шоу өткізді.

Роуд-шоу аясында Энергетика министрлігінің өкілдері Қазақстан энергетика саласының негізгі даму бағыттары туралы ақпарат берді.

Презентациялық сессияның соңында вице-министр ҚХР-дың энергетикалық компанияларымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізіп, бірқатар бастаманы, соның ішінде салалық технологиялық құзыреттер орталығын бірлесіп дамыту, арнайы экономикалық аймақтарда жабдық өндірісін жергіліктендіру және энергетикалық өтпелі кезең үшін білікті кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, сапар аясында вице-министр Бақытжан Ільяс ҚХР-дың жетекші энергетикалық корпорациялары – China Southern Power Grid, Huawei, Power China, China Datang және басқа да компаниялармен кездесіп, энергетикалық өтпелі кезеңнің өнеркәсіптік саясатын ескере отырып, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар нақты жобаларды пысықтап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, 16–17 маусым күндері Астана қаласында өтетін «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында тиісті құжаттарға қол қою мүмкіндігі қарастырылды.

Айта кетелік Қытайдан сатып алынған тауарлар қазақстандықтарға қалай жеткізілетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар