Қытайда оқушыларды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Хунань провинциясы (Орталық Қытай) Чандэ қаласының халық соты бір топ оқушыны қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарды. Оған өлім жазасы кесілді, деп жазады Синьхуа.

суд, приговор, правосудие, юриспруденция, закон и право
Фото: eestikonverentsikeskus.ee

Сот барысында 19 қараша күні Чандэ қаласының Динчэн ауданында сотталушы Хуан Вэнь көлігімен бір топ адамды қағып кеткен. Тоқтаған соң, ол көлігін қайта бұрып, басқа өтіп бара жатқандарды қаққан. Салдарынан 30 адам зардап шекті, оның 18-і мектеп оқушылары.

Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді деген айыппен жүргізуші өлім жазасына кесіліп, екі жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына саяси құқынан айырылды.

Оның бұл қылмысты жасауына инвестициялық шығындары мен отбасылық жанжал себеп болған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы спорт орталығының аумағында көлік бір топ адамды қағып кетуі салдарынан 35 адам қаза тауып, 43-і жарақат алған болатын.