Қытайда өтетін үстел теннисінен Азия чемпионтында кімдер бақ сынайтыны белгілі болды 

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 30 маусым мен 6 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионтында кімдер баратыны белгілі болды. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

үстел теннисі
Фото: Pixabay

Жарысқа 239 спортшы қатысады. Медальдар командалық және жекелей сында, аралас және жұптық сында сарапқа салынады.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Алан Құрманғалиев, Қадырали Қабдылуахитов, Абдулла Мамай, Ши Данян, Алихан Қадыри, Асылхан Мағмұмбеков, Алексей Маркин, Бакдаулет Сәуірбай, Сарвиноз Миркадирова, Альбина Жақсылыкова, Дарья Фу, Ақниет Амангелді, Нұрсая Нұрман, Жания Бекмухамбетова.

Соңғы жаңалықтар