Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады. Бұл туралы Қазинформ агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі хабарлады.

Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де қазақстандық дипломаттар мен сайлау комиссияларының мүшелері Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің ашылу салтанатын өткізіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.

Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Қытайдың төрт қаласындағы учаскелерде дауыс беру Астана уақыты бойынша 04:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) өтеді.

Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды толтыру учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.

Қытайда референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Дауыс беруге Қытай аумағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің мекенжайлары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады

Сондай-ақ ең алғашқы дауыс беруші – Жапонияда оқитын студент Жібек Айдын болғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум