08:45, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Қытайда салынған терең теңіз блогы Азияда рекорд жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM — Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) Азия бойынша рекорд жаңартқан «Хайцзи-2» терең теңіз блогының құрылысы аяқталды. Бұл туралы сейсенбіде Қытай ұлттық теңіз мұнай корпорациясы (CNOOC) хабарлады, деп жазады Синхуа агенттігі.

Корпорация атап өткендей, биіктігі 338,5 м және салмағы 37 мың тонна болатын «Хайцзи-2» орташа тереңдігі 324 м-де жұмыс істейтін болады.
Тірек блоктары теңіз түбіне бекітілген және теңіздегі мұнай мен газ өндіру объектілеріне тірек ретінде қызмет ететін қондырғылар.
«Хайцзи-2» жақын арада Чжуцзянкоу ойпатындағы мұнай кен орнына да орнатылады деп жоспарланған.