Қытайда сирек кездесетін ірі металл кеніші табылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың геологтар тобы елдің Ішкі Моңғолия автономды ауданынан бұрын беймәлім болып келген сирек кездесетін минералдың ірі кенішін тапты, деп хабарлайды Xinhua.

Халықаралық минералогия қауымдастығы ресми түрде Huanghoite-(Nd) деп атаған жаңа минерал құрамында теңіз жел генераторлары мен электромобильдерге арналған қозғалтқыштарды қолдануда шешуші элемент саналатын жоғары деңгейдегі неолимі бар карбонатты минерал болып табылады.
Жаңалықты Ішкі Моңғолия Геологиялық зерттеулер институты мен Ухань геологиялық бақылау университетінің мамандары ашты.
Жер қойнауы әлемдегі сирек кездесетін металдар кеніші Баян-Обо-ның негізгі бөлігінің орталығынан табылды.
Зерттеушілер тобының жетекшісі Чжао Лайшаның сөзінше, бұл жаңалық аталған кеніштің күрделі геохимиялық құрылымы мен бай ресурстық әлеуетін көрсетеді.
Айта кетейік, Қытай жоғары технологиялық өндіріс барысында қолданылатын сирек металдардың ірі жеткізушісі саналады.
Осыған дейін Қытайдың сирек металл экспортына қойылған шектеуді жеңілдетуі мүмкін екені туралы жаздық.