Қытайда табиғи апат: су тасқыны бес адамның өмірін қиды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігінде таулы аймақта су тасқынынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.

Бейжіңдегі су тасқыны 30 адамның өмірін қиды
Фото: Синьхуа

Жексенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына қарасты Хойдун уезіндегі таулы аймақта бес адамның су тасқынына ағып кетіп, қаза тапқаны ресми түрде расталды. Бұл туралы жексенбі күні жергілікті билік хабарлады.

Жұма күні сағат 20:22 шамасында полицияға Баймашань тауына экскурсияға шыққан бес адамның су тасқынына ұшырағаны туралы хабар түскен. Хабар түсе салысымен құтқару операциясы дереу басталды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі жер бедері, түнгі уақытта нашар көріну және соңғы күндері толастамаған жауын-шашын салдарынан қиынға соқты.

Жоғалған бес адамның мүрдесі жексенбі күні сағат 14:15 шамасында табылды.

Іздестіру-құтқару операциясына жалпы саны 1300-ден астам адам жұмылдырылды.

Бұған дейін Қытай астанасы Бейжің қаласының әкімшілігі жақында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны туралы мәліметті жариялады.

Соңғы жаңалықтар