Қытайда тағы бір қандасымыз қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды

ХАРБИН. KAZINFORM – Қытайда туып-өскен тағы бір қандасымыз Қанағат Мұхаммедұлы конькимен жүгіруден IX қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды.

спорт
Фото: Синьхуа

Нақтырақ айтсақ, Харбинде өтіп жатқан қысқы Азияда ойындарында Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан Қанағат Мұхаммедұлы 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден қола медальға қол жеткізді.

Қанағат Мұхаммедұлы
Фото: Синьхуа

Ол аталған қашықтықты 6:31.54 секундта жүгіріп өтті. Бұл сайыс түрінен барлық жүлдені жарыс қожайындары қанжығаларына байлады. Атап айтсақ, алтын жүлдені Қанағат Мұхаммедұлының командасы Ву Ию 6:27.81 нәтижесімен жеңіп алса, күміс медальға тағы бір қытайлық спортшы Лию Ханбин еншіледі. Ол аталған қашықтықты 6:29.93 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Айта кетейік, Қанағат Мұхаммедұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай ауылында 1999 жылы дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қытайда туып-өскен тағы бір қандасымыз Самғар Серікұлы ерлер арасында шаңғымен сырғанаудан спринт бағдарламасында қола медаль жеңіп алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ, шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымға сырғанаудан (еркін стиль) қытайда тұратын қазақ қандасымыз Баян Жалынқызы чемпион атанған еді

Харбин
Фото: Синьхуа

 

Соңғы жаңалықтар