Қытайда тарақан мен құрттар қосылған кофе трендке айналды

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжіңдегі мұражай ұнтақталған тарақандар мен кептірілген сары ұн құрттарынан жасалған кофе сусынын шығарды, деп хабарлайды South China Morning Post. 

Кофе с насекомыми начали продавать в Китае
Фото: South China Morning Post

Бұл ерекше кофе Бейжің жәндіктер мұражайының кофеханаларында бір шыны-аяғы 45 юаньнан (шамамен 3300 теңге) сатылады. 

— Мұражай жәндіктерге арналғандықтан, оларға қатысты сусындар ұсыну жақсы идея болып көрінді. Тарақан кофесін көбінесе қызығушылық танытатын жастар тұтынады. Балалар мен ата-аналарға ол ұнамайды, — деп баяндады мұражай қызметкері.

Ол сондай-ақ бұл сусынның интернетте трендке айналғанын мәлімдеді.

Кофе ішіп көргендер оның дәмі ащы және аздап қышқыл екенін атап өтті.

Барлық ингредиент дәстүрлі қытай медицинасының (ДҚМ) шөп дүкенінен сатып алынған, сондықтан мұражай қызметкерлері тұтынушылар сусынның қауіпсіздігіне сенімді бола алады дейді.

Дәстүрлі қытай медицинасының теорияларына сәйкес, тарақан ұнтағын қан айналымын жақсарту үшін дәрі ретінде қолдануға болады. 

Ал ақуызға бай сары ұн құрттары адамның иммундық жүйесін нығайту көмектесе алады, деп санайды дәрігерлер.

Қатарда жәндіктерден жасалған тамақты сатуға тыйым салынғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар