Қытайда жаңа жаһандық теңіз экспедициясы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласындағы Шекоу портынан 4500 тонналық зерттеу кемесі жолға шықты, деп хабарлайды Синьхуа.  

Қытайда жаңа жаһандық теңіз экспедициясы басталды
Фото: Синьхуа

Бұл халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және теңіз зерттеулеріне жұртшылықты тартуға бағытталған 10 жылдық жаһандық теңіз экспедициясы мен ғылыми бағдарламаның басталуы болды.

Экспедицияның бірінші кезеңі Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шэньху аймағын қамтиды. Ол 3 қарашада аяқталады. Зерттеу жұмыстары теңіз геологиясы, геофизикасы, геохимиясы және биологиясы сияқты салалардағы зерттеулер үшін деректермен қамтамасыз ететін теңіз суының сынамасын алуды, жағалаудағы шөгінділерді зерттеуді және терең теңіз суын сынауды қамтиды.

Зерттеулер Қытай жобалап, құрастырған «Сянъянхун-10» кемесінің бортында жүргізіліп жатыр.

«Тұңғиық теңізіге саяхат - 2035» деп аталатын экспедицияны Қытайдың теңіздегі минералды ресурстарды барлау және игеру қауымдастығы, Оңтүстік ғылым және технология университетінің Мұхит ғылымы мен технологиясының жоғары институты және басқа да бірнеше институт бастады.

Бағдарлама алдағы 10 жыл ішінде теңізде озық технологияларды сынау және инновациялық азаматтық ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар, жаһандық серіктестер және қоғаммен ынтымақтасады.

Айта кетейік, Қытай 2030 жылға қарай өз ғарышкерлерін Айға ұшыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар