Қытайда жазғы кино маусымының кассалық түсімі 1,64 млрд долларға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда 2025 жылғы жазғы кино маусымы аяқталуға жақын. Елде қытайлық фильмдердің танымалдылығы арқасында кассалық түсім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды Синьхуа.

кино
Фото: Синьхуа

«Маоянь» (Maoyan) билет сату платформасының деректеріне сәйкес, жұма күні кешке дейінгі есеп бойынша Қытайда жазғы маусымдағы кассалық түсім 11,64 млрд юаньға, яғни шамамен 1,64 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл 2024 жылғы жазғы маусымдағы жалпы түсімнен жоғары.

Жазғы маусым дәстүрлі түрде Қытай кинематографиясындағы ең табысты кезеңдердің бірі саналады. Ол 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады және көрермендер тарапынан зор қызығушылыққа ие.

Сарапшылардың айтуынша, биылғы маусымдағы нәтижелер Қытайдың әлемдегі екінші ірі кинонарығының белсенділігінің қайта жандана бастағанын көрсетеді.

Айта кетейік, Қытайда бөкендерді бақылайтын робот-киік жасалды.

Соңғы жаңалықтар