Қытайдағы Гран-при турнирінде 8 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді. 

Қытайдағы Гран-при турнирінде 8 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. 

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының атынан 8 спортшы сынға түседі. 

Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей: 

60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов

66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа

73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы

81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек

Еске сала кетейік, осыған дейін дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын табысты аяқтағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар