Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы: эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетті

туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Бүгін Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Атап айтсақ, гала-концертке Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымдары, «Астана Балет» балет труппасы бастаған өнерпаздарымыз қатысты. 

туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Қазақстан туризмі жылы ресми ашылуының гала-концерті China National Opera House өтті. Салтанатты кеште отандық әртістер халқымыздың мәдениеті мен өнерін тағы бір паш етті. 

туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Әншілеріміз қытай халқына құрмет ретінде олардың ұлттық әндерін де шырқады. Сонымен қатар концертке жиналған қонақтар қытайлық әртістердің де өнерін тамашалады.

туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Айта кетсек, жылдың ресми ашылуы халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форумнан басталып, Қазақстанның көрмесі және этно-ауылдағы мәдени іс-шаралармен жалғасты. Қазақстан делегациясы қатарында министрлік, туризм, бизнес, спорт пен өнер саласының өкілдері бар. 

туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі
туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі
туризм
Фото: ҚР Туризм және Спорт министрлігі
Соңғы жаңалықтар