Бейжіңде қазақтың ұлттық құндылықтары таныстырылды

Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми ашылуына орай қазақтың ұлттық құдылықтары мен әр облыстың туристік мүмкіндіктері таныстырылды. 

Атап айтсақ, Бейжіңде Қазақстанның әр өңірінен келген делагация мүшелері қазақтың құрты мен ірімшігін, қазы-қарта, жал-жаясын, бауырсақ пен еліміздің таза балын, тіпті, Наурыз көжесіне дейін дайындап ала барған. 

Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай

Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарын да қонақтар алдына жайып салып, ұлттық музкалық асаптарымызбен әндерін әуелетіп, күйлерін құйқылжыта тартып, қытайлық азаматтарды өнерімен таңғалдырып жатыр. 

Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай
Қытай астанасы
Фото: Күнсұлтан Отарбай

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін бейжіңдік тұрғындарға таныстыру. 

Қытай астанасы
Фото: Күнсұлтан Отарбай

Естеріңізге сала кетейік, ертең, 29 наурызда қонақтарды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты, мәдени бағдарламасы бар этноауыл, сондай-ақ көрнекті әртістердің қатысуымен өтетін үлкен гала-концерт күтіп тұр. 

Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай
Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай

Айта кетейік, осыған дейін Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы ресми түрде басталғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Бейжіңдегі қазақ студентері аталмыш іс-шараға келген UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен қонақүйдің кіреберісінде естелік суретке түсіп, қолтаңба алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар