Шавкат Рахмоновты Бейжіңде қазақ студенттері «қоршап» алды

жанкүйерлер қоршап алды
Фото: Күнсұлтан Отарбай

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ресми ашылу рәсіміне келген UFC ұйымында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты Бейжіңде оқып жатқан қандас студенттер қонақүйдің кіреберісінде «қоршап» алды. Олар спортшыдан қолтаңба сұрап, онымен естелік суретке түсті. 

Қытай астанасында өтіп жатқан іс-шараның ашылу салтанатына Шавкат Рахмоновтан бөлек  Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Олимпиада жүлдегері Қанат Ислам да келген болатын.

Айта кетейік, 28-29 наурыз аралығында Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты өтеді. Осыған орай, Қазақстаннан Бейжіңге 600-ге жуық арнайы делегация ұшып келген болатын. 

Еске салсақ, танымал боксшы Қанат Ислам Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ашылу рәсімінің алдында Kazinform тілшісіне сұхбат берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар