Қытайдағы көпкүндік жарыс: астаналық велошабандоз жалпы есепте көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM – XDS Astana Team шабандозы Хенок Мулубырхан Қытайда өтіп жатқан Цинхай көліндегі Tour of Cinghai Lake жарысының жетінші кезеңінде үшінші орын алып, жалпы классификацияда жаңа көшбасшы атанды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қытайдағы көпкүндік жарыс: астаналық велошабандоз жалпы есепте көш бастады
Фото: instagram.com/xds_astana_team

Көпкүндік веложарыстың жетінші кезеңі Гонгхеде басталып, Хайян қаласында аяқталды, қашықтық 137 шақырымды құрады. Қазақстан құрамасының эритреялық легионері үшінші, ал оның әріптесі, 34 жастағы жаңа зеландиялық Аарон Гейт төртінші орынға табан тіреді. 

– Біз үшін сәтті әрі қиын күн болды. Команда маған сенім артты. Сондықтан мен өзімді жақсы сезіндім және финалға дайындалдым. Қорытындылай келе, біз кезең бойынша үшінші орын алдық, сонымен қатар жалпы есепте көш басына шықтық. Енді аздап демалып, ертеңгі шешуші кезеңге баса назар аудару керек, - деді Хенок Мулюбырхан XDS Astana Team командасының баспасөз қызметіне. 

Еске сала кетейік, Демеу Жадыраевтың бозкілемге қашан оралатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар