Қытайдағы Мяньхуа кітапханасы – әлемдегі ең ерекше кітапханалардың бірі

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуанси провинциясындағы Мяньхуа ауылына жақын жерде орналасқан Мяньхуа кітапханасы – үлкен үңгір ішінде, жартастың етегінде орналасқан ерекше мәдени кеңістік, деп жазды Азертадж.

Қытайдағы Мяньхуа кітапханасы – әлемдегі ең ерекше кітапханалардың бірі
Фото: Азертадж

Биыл мамыр айында ашылған сәттен бастап-ақ бұл кітапхана Қытайдың әлеуметтік желілерінде үлкен танымалдыққа ие болған.

Кітапханалар әдетте интернетте қызу талқылана бермейді, алайда Мяньхуа – жай ғана кітап сақтайтын орын емес, бұл – кітап оқуды ұнататындар мен ерекше әсерлер мен көз тартар көріністерді іздейтін саяхатшылар үшін нағыз тартымды нысан. Биік жартастың шетінде, көк желектің ортасында орналасқан бұл орын жасанды интеллект жасап шығарған қиял секілді көрінеді. Алайда бұл – шынайы мекен және оған баруға дайын әр адам үшін есігі ашық.

Кітапхананың сыртқы көрінісі – жартастарға ілінген ағаш көпірлер мен балкондар – бірден көз тартады. Бірақ нағыз сиқыр ішке кіргенде басталады. Кітапхана орналасқан үңгірдің ішкі кеңістігі – ойлы-қырлы қабырғалар мен мыңдаған кітап толтырылған сөрелерімен адамды таңқалдырады.

Бұл кітапхана ауыл тұрғындарына кітаптарға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, ауылдық жерде орналасқанына қарамастан, бүкіл Қытайдан келетін туристерді тартатын көрнекті орынға айналып отыр.

Ал Қазақстанда RFID технологиясы арқылы 20-дан астам мектеп кітапханасында сканерлеуші роботтар жұмыс істемек.

Соңғы жаңалықтар