Қытайдағы шабандоз қазақ қызы өз арманын айтты

АСТАНА. KAZINFORM -  Қытайдың Іле аймағынан шыққан шабандоз қыз Мүнира Серіктұрдықызы «Ақжелкен» атты сайгүлігіне мініп әртүрлі ат үсті ойындарын көрсеткенде көпшілікті таңғалдырмай қоймайды, деп жазады Қытайдың «Harajorga» ақпараттық парақшасы.

Қытайдағы шабандоз қазақ қызы өз арманын айтты
Фото: видеодан кадр/mp.weixin.qq.com

Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың Іле аймағында туған Мүнира кішкентайынан жылқы жануарын өзіне серік етіп, кең жайлауда ат құлағында ойнап өскен. Атына мінгенде бөлекше образға кіріп, ертегілердегі батыр қыздардай айбатты көрінетін шабандоз Мүнира қарапайым өмірде өте ұяң да биязы қыз екен.

шабандоз
Фото: видеодан кадр/mp.weixin.qq.com

Қазір Шыңжаң байырғы экологиялық паркіндегі шабандоз әрі ат бапкері болып жүрген қыз жалғыз осы Мүнира ғана. Ол тілшіге берген сұхбатында ат спортын қатты ұнататынын айтқан.

«Ол күнделікті «Ақжелкеніне» мініп әртүрлі ат үсті ойындарын қойып, көпшіліктің көңілінен шыққанды мақтаныш сезінеді. М.Серіктұрдықызы қолы босай қалған сәтте «Ақжелкенін» жетелеп серуендегенді ұнатады. Оның арманы көптеген ат спорты ойындарына қатынасып, үлкен сахналардан көріну әрі жанкүйерлеріне Шыңжаңдық сәйгүліктерді баптап мінетін шабандоз қыздардың кәсібилігін мойындату», - деп жазады қытайлық БАҚ.

Соңғы жаңалықтар