Қытайдағы жаңа энергетикалық көліктердің үлесі 55%-дан асты

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың жеңіл көлік қауымдастығының (CPCA) мәліметінше, 2025 жылдың тамызында Қытайда жеңіл автокөліктердің бөлшек саудасы 2 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Доля автомобилей на новых источниках энергии в Китае превысила 55%
Фото: freepik.com

2025 жылдың басынан бері жеңіл автокөліктердің жиынтық бөлшек саудасы 14 миллион бірліктен асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық.

Тамыз айында жаңа қуаттағы жолаушылар көліктерінің бөлшек саудасы (NEV) 1,1 миллион данаға жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда 11,6%-ға көп. Қаңтар-тамыз аралығындағы NEV жиынтық бөлшек саудасы 7,556 миллион бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ға көп.

Жаңа энергетикалық көліктер 2025 жылдың тамызында Қытайдың жеңіл автомобильдер бөлшек сауда нарығының 55,2% құрады.

Тамыз айында жеңіл автокөліктер экспорты 500 мыңға жуықтап, бір жылмен салыстырғанда 20,2%-ға өсті. Қаңтар-тамыз айларында экспорт көлемі 3,471 миллионды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға көп.

Бұған дейін әлемде электромобильдердің сатылымы артып келе жатқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар