Қытайдан Алматыға келген туристер саны өсті
АЛМАТЫ.KAZINFORM - Қытайдан Алматыға келген туристер саны бірнеше есе артып, 40 мың адамды құраған.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68%-ға көп.
Еске салайық, осы жазда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылы Қазақстанда Қытай туризм жылын өткізу туралы маңызды шешім қабылдаған еді.
Туризм басқармасы келтірген деректерге сүйенер болсақ, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келген туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға өсіп, 1 миллион адамнан асқан. Шетелдік туристер саны 15,6%-ға артып, 302,3 мың адамға жетті.