Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚХР бұрынғы ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрі Тан Жэнцзянь аса ірі көлемде пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді. Сот үкімі екі жылдан кейін орындалады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Цзилинь өлкесі Чанчунь қаласының аралық ортаңғы сатыдағы Халық соты шығарған үкімге сәйкес, ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігі партия тобының хатшысы қызметін де атқарған Тан Жэньцзянь өмір бойына саяси құқығынан айырылды. Оның барлық жеке мүлкі, сондай-ақ кез келген заңсыз кірісі тәркіленіп, мемлекет пайдасына алынады.
Анықталғандай, 2007 және 2024 жылдар аралығында орталық және жергілікті деңгейде әртүрлі лауазымдарды атқарған Тан Жэньцзянның қызметтік дәрежесін тиісті ұйымдар мен жеке тұлғаларға шаруашылық қызмет, жобалық келісімшарттар жасау және кадрларды ауыстыру сияқты мәселелерде көмектесу үшін асыра пайдаланған. Ол 268 млн юаньнан (шамамен 38 млн доллар) астам сомаға қаржылық немесе материалдық пайда көрген.
Сот Тан Жэньцзянь мемлекет пен халықтың мүддесіне ауыр зиян келтірген қылмысы үшін өлім жазасына кесті. Алайда, оның кінәсін мойындауы, заңсыз табысын қайтаруы және жауаптылықты жеңілдететін басқа да мән-жайларды ескере отырып, үкімнің орындалуын кейінге қалдырды.
2020 жылдың желтоқсанында Тан Жэньцзянь ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі ҚКП филиалының хатшысы болып тағайындалды.
2024 жылдың қарашасында ол партиядан шығарылды, ал желтоқсанда қамауға алынды.
Еске сала кетсек, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда өлім жазасына рұқсат берді.
Материалды Kazinform үшін арнайы Синьхуа ақпарат агенттігі ұсынды.