Қытайда зауытта болған жарылыстан 5 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды
АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың шығысындағы химиялық зауытта болған жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Euronews.

Шаньдун провинциясы Вэйфан қаласының өнеркәсіптік ауданында түс ауа болған жарылыстан кейін тағы алты адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 55 көлік пен 232 жедел құтқарушы жіберілгенін хабарлады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық химия зауытының маңында орналасқан қойманың терезелері шытынап кеткен. Апаттың шығу себебі әлі белгісіз.
Жарылыс сейсенбі күні Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы химиялық зауытта болған еді.
Айта кетелік Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылатынын жазған едік.