Қытайдың Сауда министрлігі TikTok әлеуметтік желісі бойынша өз ұстанымын түсіндірді
АСТАНА.KAZINFORM - Нақты коммерциялық келісімдерді Қытай үкіметі заңға сәйкес бекітуі керек, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Хабарламада Қытай үкіметі әрдайым кәсіпорындардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеп, қорғап отыратыны, нарыққа бағытталған, заң үстемдігі мен интернационалдандыруға негізделген бірінші дәрежелі іскерлік орта қалыптастыратыны, сондай-ақ нарықтық экономиканың заңдарын елемейтін, күшпен тартып алатын және кәсіпорындардың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін тәжірибелерге қарсы екені қайта мәлімделгені айтылған.
— Қытай кәсіпорындар арасындағы тең, ерікті және әділ бизнес тәжірибесін құрметтейді. Арнайы коммерциялық келісімдер Қытай заңнамасына, соның ішінде технология экспортына сәйкес болуы керек және Қытай үкіметі заңға сәйкес мақұлдануы керек, — делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісінің АҚШ-тағы жұмысын тағы 75 күнге ұзарту туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Айта кетелік АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды.