Қытайдың шығысында көлік тоғанға құлап, 8 адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Пэнцзы округінде автокөлік тоғанға құлап, 8 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады, деп жазды Синьхуа.
Аудандық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға сейсенбі күні сағат 16:00 шамасында ауылдағы тас жолда болған. Көлікті 49 жастағы әйел басқарған. Авткөлік жол бойындағы тоғанға түсіп кетіп, жүргізушімен бірге 8 жолаушы да мерт болды.
Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері дереу жетті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алғаны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында да автобус аударылып, 5 адам көз жұмды. Оқиға Самара–Шымкент тасжолында болған.