17:01, 27 Мамыр 2025 | GMT +5
Қытайдың шығысындағы химия кәсіпорнында жарылыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні Қытайдың Шаньдун провинциясындағы химия кәсіпорнының цехында жарылыс болды. Бұл туралы Xinhua мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
ҚХР Төтенше жағдайларды басқару министрлігі оқиға орнына өрт сөндірушілер, медицина сарапшылары, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші мамандарды қос алғанда жергілікті ведомство өкілдерінің құтқару жұмыстарына көмектесу үшін жұмыс тобы мен арнайы іздеу-құтқару күштерін жіберді.
Оқиға болған жерге 200-ден астам өрт сөндіруші аттанған.