Қытайдың іскерлік топтары АҚШ-тың кедендік баж салығын көтеруіне қарсы

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы жексенбі күні Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі кеңесінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Қытайдың іскерлік топтары АҚШ-тың кедендік баж салығын көтеру шешіміне қарсы
Фото: Andrew Harnik

Комитет өкілінің мәлімдемесінде айтылғандай, қытайлық іскерлік орталарының басшылары АҚШ-тың Қытайдан әкелінетін тауарларға қосымша 10 пайыздық баж салығын енгізу шешіміне үзілді-кесілді қарсы.

Оның айтуынша, Құрама Штаттардың біржақты қосымша баж салығын енгізуі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ережелерін өрескел бұзады. Бұл үшін көптеген америкалық бизнес пен тұтынушылар төлеуге мәжбүр болады.

Бұл қадам Қытай мен АҚШ арасындағы қалыпты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа нұқсан келтіреді. Сондай-ақ жаһандық өндірістік-өткізу тізбегінің тұрақтылығына қауіп төндіреді, деп қосты ол.

- Сауда және тарифтік соғыстарда жеңімпаздар жоқ, - деп атап өтті ресми өкіл.

Ол АҚШ-тың қате әрекеттері оның ішкі мәселелерін шешпейтінін, керісінше қытай-американ қарым-қатынасына нұқсан келтіріп, жаһандық экономикалық дамуға кері әсерін тигізетінін қосып өтті.

Комитет өкілінің айтуынша, Қытай іскерлік орталары АҚШ тарапын өзінің қате әдістерін дереу түзетіп, Қытайға қарама-қарсы бағытта жүріп, екі елдің және бүкіл әлемнің іскерлік топтарының өзара пайдасы үшін әлемдік экономикаға тұрақтылық пен оң энергия әкелу үшін басқа елдермен ынтымақтастықты нығайтуға шақырады.

Еске сала кетсек, 17 қаңтар күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. 

Қытай мен АҚШ екі елдің және әлемнің игілігі үшін серіктес әрі дос бола алады. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде айтты.

Соңғы жаңалықтар