Қытайдың валюта резервтері 2,05%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы сәуір айының соңындағы мәлімет бойынша Қытайдың валюта резервтері 3,4105 трлн АҚШ доллар болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Экономика Китай
Фото: advantour.com

Бұл наурыз айының соңымен салыстырғанда 68,4 млрд долларға немесе 2,05%-ға көп.

Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік валюта бақылау басқармасы жариялаған мәліметте айтылды.

Ведомствоның хабарлауынша, сәуірдегі өсімге валюта бағамдарының ауытқуы мен активтер бағасының өзгеруі ықпал еткен.

Сондай-ақ басқарма Қытай экономикасының тұрақтылықты сақтай отырып, даму қарқынын нығайтып келе жатқанын атап өтті. Ел экономикасының тұрақтылығы мен өміршеңдігінің артуы валюта резервтерін жалпы алғанда тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетелік Қытайда автонарық қарқынды өсім көрсеткен еді.