Қытайдың ЖІӨ өсу қарқыны 2025 жылы шамамен 5%

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны биыл 5 пайыз шамасында болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің жоғары заң шығарушы органының жыл сайынғы сессиясының ашылуында Қытай үкіметінің баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қытайдың ЖІӨ өсу қарқыны 2025 жылы шамамен 5%
Фото: Рүстем Сүлейменов/Kazinform

Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыз деңгейінде сақталып, 12 млн-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Тұтыну бағаларының индексі (инфляция) шамамен 2%-ға өседі деп күтіліп отыр. Астық өндіру көлемі 700 млн тонна шамасында сақталады. 

Қытай үкіметі неғұрлым белсенді бюджет саясатын жүргізуді көздеп отыр.

Бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы шамамен 4 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайыздық пунктке жоғары, ал жалпы тапшылық көлемі 5,66 трлн юань болып, өткен жылғыдан 1,6 трлн юань көп болады деп жоспарланып отыр. 

Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ, парламент) 5 наурызда жыл сайынғы сессиясын бастады. Ашылу салтанаты Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңындағы халық жиналысы залында өтті.

Бұған дейін 2025 жылдың 5 наурызында Бейжіңде 14-шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының үшінші сессиясы жұмысын бастайтынын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар