Қазақ киігі Қытайға қалай жеткізіледі — министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстаннан Қытайға киіктер қандай жолмен жеткізілетіні туралы сұраған едік.

Қытайда киік бар ма
Фото: forestry.gov.cn

— Тәсілдер көп, National Geographic аңдарды бір жерден, екінші жерге қалай көшіретінін көрсетеді. Әрине, ірі аңдарды арнайы контейнермен көшіреді, мысалы, сусиыр, арыстан тағы басқа. Киік енді ұсақ жануар болған соң, қазір ғалымдармен жеткізу мәселесін талқылап жатырмыз, — деп жауап берді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша министр дәл қазір киіктерді жеткізу бойынша нақты ұсыныстың жоқтығын айтып отыр. 

— Әрине, киіктерді айдап алып кете алмайды, қалай болғанда да көлікпен алып кетеді. Әртүрлі тәсілдері бар, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Еске салайық, Қазақстан Қытайға 1500 киік тарту етеді.

Айта кетсек, ғалымдар Қазақстанда киіктердің 20 пайызы реттеуге жататынын айтып отыр. 

Бұған дейін Экология министрі елімізде қанша киік атылуы мүмкін деген сауалға жауап берді

Соңғы жаңалықтар