Қытайға шекарадан өткенде қанша ақша алып жүруге болады – шетелдегі қазақ баспасөзі
Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ташкентте өткен «Балалар үшін диалог: Орталық Азия және ЮНИСЕФ» жоғары деңгейдегі конференция аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худоёров келіссөздер жасасты. Бұл туралы «ӨзА» ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, аталған кездесуде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, медициналық қызмет сапасын арттыру, медициналық көмек көрсету тәжірибесімен алмасу, бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша елдер коалициясы аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Арал өңірі тұрғындарының денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды кешенді зерттеуге бағытталған бірлескен ғылыми жобалар сөз болды.
Әңгіме барысында балалар денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы балалар обыры (ісігі) бойынша Халықаралық академиялық орталық құруды ұсынып, бұл жобаны жүзеге асыруға белсене қатысуға дайын екенін білдірді.
Кездесу нәтижесінде биыл Өзбекстанда Қазақ медицинасы күндерін, ал 2026 жылы Қазақстанда Өзбек медицинасы күндерін өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар денсаулық сақтау саласында халықаралық хаб құру туралы ұсынысты да бірлесіп қолдады.
Қытайға шекарадан өткенде қанша ақша алып жүруге болады – «Жэньминь жибао»
Шекарадан кіріп-шыққанда есте болатын істер: шекарадан кіріп-шыққанда ең көп болғанда қытай ақшасымен 20 мың юань ақшаны алып жүруге болады, деп хабарлайды Қытайдың «Жэньминь жибао» басылымы.
Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, жақында Гунбей кеденіне қарасты Ганконг – Жухай – Макао көпірі шекара бекетінен кірген жолаушының мөлшерден артық валюта алып жүргені анықталған.
Атап айтқанда 28 мамыр күні Ганконг – Жухай – Макао көпірі кеденіндегі қызметкерлер Жухай – Ганконг шекарадан кірген жолаушыларды тексеру барысында, «жасыл дәлізді» таңдап кеденнен өткен бір жолаушының алып жүрген жүктерін тексерген кезде, шекарадан өткізуге өтініш берілмеген 490 мың юань қытай ақшасын анықтаған.
– Кеден мекемесі мынаны ескертеді: нақты ақша түріндегі валюта шекарадан кіру-шығу барысында шектеме қойылатын бұйым есептеледі. Қатысты белгілемелерге сай, шекарадан кіріп-шыққан жолаушылардың әрбірінің әр жолы ең көп болғанда қытай ақшасынан 20 мың юань ақшаны алып жүруіне болады, - деп жазады «Жэньминь жибао».
Сондай-ақ осы аптада «Жэньминь жибао» басылымында «Пың Гофуға өлім жазасы екі жыл кешіктіріп берілетін болды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Хунан өлкелік халық құрылтайы тұрақты комитеті партгруппасының бұрынғы мүшесі, орынбасар меңгерушісі Пың Гофудың пара алу делосына бірінші сотта үкім жарияланды
Атап айтқанда, Синхуа агенттігінің 27 мамыр күні Хайкоудан берген хабарына сүйенсек, 2025 жылы 27 мамыр үні Хайнан өлкелік 1 орта дәрежелі халық сот мекемесі Хунань өлкелік халық құрылтайы тұрақты көмитеті партгруппасының бұрынғы мүшесі, орынбасар меңгерушісі болған Пың Гофудың пара алу делосына ашық үкім шығарып, айыпкер Пың Гофуды пара алу қылмысы бойынша өлім жазасына үкім етіп, 2 жыл кешіктіріп атқарып, барлық саяси құқығынан айыруды талап етті. Сонымен қатар барлық мал-мүлкі де тәркіленеді. Сондай-ақ Пың Гофудың қылмыс өткізіп тапқан мал-мүлкі мен өсімі заң бойынша мемлекет қазынасына тапсырылады, жетпеген бөлегі жалғасты тексеріліп, қайтарып алынады.
Тексеру арқылы 2004 жылдан 2023 - жылға дейінгі аралықта айыпкер Пың Гофу әртүрлі лауазымды жұмыстар істеп жүргенде тікелей немесе басқалар арқылы заңсыз алған мал-мүлкінің құны қытай ақшасы бойынша 134 миллион юаннан(9 380 000 000 теңге көлемінде – авт.) асқан.
Иран әлемнің 6 елімен қарым-қатынасын нығайтып жатыр – ParsToday
ИИР Президенті Иранның Қытай, Әзtрбайжан, Кот-д'Ивуар, Мексика, Куба және Уругвайдағы жаңа елшілерімен кездесуінде «Әртүрлі елдермен ынтымақтастықты кеңейту Иранды қысым мен күйзелістерге төзімді етеді және нығайтады», - деген. Бұл туралы осы аптда ParsToday ақпарат агенттігі хабарлады.

ParsToday ақпарат агенттігінің дерегінше, Иранның Қытай, Әзtрбайжан, Кот-д'Ивуар, Мексика, Куба және Уругвайдағы жаңа елшілерімен кездесу рәсімінде Масуд Пезешкиан түрлі елдермен қарым-қатынасты нығайту және ынтымақтастықты кеңейту Иранды қысымдар мен күйзелістерге төзімді етеді және нығайтады деп мәлімдеді.
Ол аталған кездесуде «Сіздер елшілер, Иран Ислам Республикасының әлем елдерімен қарым-қатынастары мен қарым-қатынастарын кеңейтуде алдыңғы қатардасыздар және Иранның жаңа елшілер тағайындалған елдермен қарым-қатынастары үдерісі жақсы дамып келеді», - деген.
Қажылыққа өзіммен бірге не алып барамын? - TRT
Қажылыққа өзіммен бірге не алып барамын? Түркия Радио Телевизия порталында осындай тақырыптағы шағын мақала жарияланды. Аталған жазбаның мәліметінше, қажылық - Исламның ең қасиетті рәсімдерінің бірі, бірақ сапар Меккеге жетуден әлдеқайда бұрын басталады. Бұл - рухани дайындық және Арафаттың мағынасы туралы жеке ой-толғау болып саналады екен.

– Ислам күнтізбесінің соңғы айы Зүлхижжа айының бірнеше күні өтті. Бұл ай мұсылмандар үшін ең қасиетті он күнді қамтиды. Миллионнан астам мұсылман Сауд Арабиясында қажылық жасау үшін жиналды. Биыл, әлхамдулиллаһ (Аллаға шүкір), мен де солардың қатарында боламын, - деп жазады жазба авторы.
Автор биыл 33 жасқа толыпты. Бұл ислам дәстүрінде маңызды жас саналады. Себебі жәннаттағы адамдардың жасы деп айтылады. Ыстанбұлда қажылыққа дайындалып жатып ол әртүрлі сезімді бастан кешірген көрінеді. Көптеген мұсылман бұл сапарды өмірінің кейінгі кезеңдеріне қалдырады, сондықтан бұл жаста қажылыққа бару ерекше мәртебе. Сол үшін ол өзінің құрметті, разы және аздап қобалжулы сезінгенін айтады.
Оның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандармен бірге жүретініңді білу – ерекше қуаныш. Адамдар тіл мен мәдениеттің түрлілігіне қарамастан бірге намаз оқиды, иық тіресіп Аллаға деген сүйіспеншілікте бірге болады. Бірақ автор сонымен қатар «Мен осындай қасиетті сапарға лайықты бола аламын ба?» деген қобалжу да бар екенін жасырмайды.
Автордың жазуынша қажылық тек рәсім емес. Бұл – өзгеріс екендігі туралы ойларын бөліскен.
Түркиялық БАҚ-тың дерегінше, қажылықта алып жүретін ауыр жүк – дұғаларды алып жүру екені тілге тиек етіледі.
Атап айтқанда адамдар орамалдарын, ыңғайлы аяқкиімдерді және басқада керек-жарақтарды алып барады, сондай-ақ одан да қымбат нәрселер бар ол – дұғалар.
Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, бірақ бұл жолы тек өзінің дұғаларын ғана емес, соңғы күндері достары, көршілері және туыстары онымен қоштасуға келіп, әдемі дәстүрді орындаған: атап айтсақ оған өз дұғаларын сеніп тапсырған. Олар өз есімдерін, үміттерін және қиыншылықтарын сыбырлап айтып, Меккеге аттанған одан Арафатта өздерін еске алуды сұрайды.
– Олар бір нәрсені нақты сұрайды: «Арафатта менің атымды ұмытпаңызшы». Олар үшін және мен үшін – бұл жай ғана өтініш емес. Бұл – құрмет және үлкен жауапкершілік, - деп жазады түркиялық басылым.