Қытайға тапсырыс берген АҚШ саудагерлері қайтадан көбейді - шетелдегі қазақ баспасөзі
АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Өзбекстанға алғаш рет бір айда 1 миллионнан астам шетелдік турист келді – ӨзА

2025 жылдың сәуір айында Өзбекстан тарихында алғаш рет 1 миллионнан астам шетелдік саяхатшы елге сапар шеккені тіркелді. Бұл жөнінде Туризм жөніндегі комитет мәлімет таратты.
Бұл көрсеткіш — елде туризм саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар, ашықтықты қамтамасыз ету және халықаралық әріптестікті нығайту бағытындағы белсенді саясаттың жемісі, деп жазады «ӨзА».
Хабарламада айтылғандай, туризмді стратегиялық сала ретінде дамыту жөніндегі Өзбекстан Президентінің жарлықтары мен қаулылары, шетелдік инвестицияларды тарту, визасыз режимдерді кеңейту, сондай-ақ халықаралық туристік жәрмеңкелер мен форумдарға белсенді қатысу – елдің туристік тартымдылығын арттырған негізгі факторлар қатарында.
«Алдағы уақытта да халықаралық стандарттарға сай қызмет түрлерін кеңейту, экологиялық және тұрақты туризм бағыттарын қолдау арқылы Өзбекстанды жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілетті және тартымды туристік бағытқа айналдыру көзделген», деп жазады өзбекстандық БАҚ.
Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Өзбекстанда электромобиль қуаттау станцияларының саны 1400-ге жетті» деген тақырыпта ақпарат жарияланды.

«ӨзА» ақпарат агенттігінің дерегінше, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті. Қуаттау нүктелерінің басым бөлігі Ташкент қаласы мен облысына тиесілі.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, Өзбекстан аумағында электромобильдерді қуаттауға арналған 1399 станция жұмыс істеп тұр. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Экономика және қаржы министрлігінің хабарлауынша, қуаттау инфрақұрылымының 820-сы немесе 59 пайызы Ташкент қаласында орналасқан. Ал Ташкент облысында 154 станция жұмыс істейді. Жазба соңында басқа өңірлердегі көрсеткіштер жарияланған.
Астана медицина университетінде Гуанчжоу медициналық университетінің шетелдегі медициналық оқу орталығы ашылды – «Халық газеті»

Қазақстандағы Астана медицина университетінде қытайлық және қазақстандық медицина саласының өкілдері «Гуанчжоу медициналық университетінің шетелдегі медициналық оқу орталығының (Қазақстан)» ашылуына куә болды, деп хабарлайды «Халық газеті».
Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Астана медицина университетінің ректоры профессор Анар Ақылбекқызы өз сөзінде Гуанчжоу медициналық университетінің урология және тыныс алу жолы ауруларының алдын алу және емдеу саласындағы жетекші технологиялары Қазақстандағы медициналық қызметтердің деңгейін арттыруға көмектесетінін айтты.
Гуанчжоу медициналық университетінің ректоры Чжао Синцунь шетелде медициналық оқу орталығын құру университет үшін «салауатты Жібек жолын» іске асыруда маңызды қадам болып саналатынын айтты. Болашақта ол тыныс жолы аурулары медицинасы және кеуде хирургиясы сияқты басым пәндерге біртіндеп кеңейіп, Орталық Азияны қамтитын аймақтық медициналық инновациялық базаны құрады.
Иранның бес мың жылдық өркениетінің көрмесі Қытайда өтті - Parstoday

Қытайдың Гуанчжоу қалалық мұражайында «Мейірім елі» атты Иранның мәдени және өнер қазыналарының көрмесі өтті.
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қалалық мұражайында Иран мұражайларының қазыналарынан 151 тарихи жәдігерді көрсететін «Мейірім елі» көрмесі ашылды. Мыңдаған қытайлықтарға бес мың жылдық Иран өркениетінің сән-салтанаты, әсемдігі мен тереңдігінің көрінісін ашқан мәдени шара, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі.
Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, бұл көрменің мақсаты - Иран өркениеті мен мәдениетінің әртүрлі қырларын таныстыру және Жібек жолы бойындағы екі ұлттың тарихи байланыстарын нығайту.
Сондай-ақ, маусым айының соңына дейін жұмыс істейтін көрме алаңының дизайны ирандық өнер мен сәулет элементтерінен шабыттандырылған. Көрмеге кіре беріс Гүлстан сарайының Құран тақтайшаларын қайта жасау арқылы жобаланған, ал негізгі зал Шираздағы Насыр әл-Молк мешітінің шабыттандырылған геометриялық өрнектері мен түрлі-түсті әйнектерімен жасалған. Бұл келісім келушілерді Иран мәдениетінің жүрегіне апаратын рухани және көркем атмосфера жасайды.
Сирияға тәулігіне 6 миллион текше метр электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді - TRT

Сирияның мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің «жақын арада» Түркиямен 400 киловольттық желі арқылы Түркиядан электр энергиясын импорттау туралы келісімге қол қоятынын хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, бұл дерек Сирияның Энергетика министрі Мұхаммед әл-Баширге сілтеме жасай отырып берілген. Оның айтуынша, Сирия сондай-ақ Түркияның шекара маңындағы Килис қаласы мен Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласын байланыстыратын табиғи газ құбырын салу жобасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.
«TRT»-ның келтірген дерегіне сүйенсек, құбыр Сириядағы электр станцияларына тәулігіне 6 миллион текше метр газ жеткізеді. Бұл елдің энергетикалық жағдайын жақсартуға үлес қосады.
Сондай-ақ Сирияға Түркия тарапынан ұзақ жылдан бері көрсетіліп келе жатқан қолдауды жоғары бағалаған сириялық министр Түркияның соңғы уақытта Сирияның солтүстігіне электр энергиясын жеткізуге бағытталған күш-жігеріне ерекше тоқталған.
Министрдің айтуынша, Түркияның Рейханлы қаласы мен Сирияның Харем аймағы арасындағы жаңа электр желісін құруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Тиісті тендер рәсімі аяқталған соң шамамен 80 мегаватт электр қуаты Сирияның солтүстігіне жеткізілмек.
Толықырақ түркиялық БАҚ-тан оқи аласыздар.
Қытайға тапсырыс берген АҚШ клиенттері қайтадан көбейді - CNR

Қытай сыртқы сауда кәсіпорындары АҚШ-тық клиенттерден көп мөлшердегі тапсырыстар ала бастады.
Соңғы екі күнде Қытай-АҚШ тарифтік саясатының соңғы түзетуінен кейін көптеген сыртқы сауда компаниялары АҚШ нарығына жеткізуді қайта бастады. Атап айтқанда, АҚШ-қа сыртқы сауда экспорттық өнімдерін өндіру мен жөнелту жаңадан қарқын ала бастаған. Соған сәйкес, өндірістік желілер мен сыртқы сауда порттары жұмыс істеуде, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».
90 күндік тоқтата тұру кезеңі, сыртқы сауда практиктерін қатты қуантқан алтын терезе кезеңі ресми түрде ашылды, содан кейін Қытай-АҚШ жүк тасымалында нарық жоғары деңгейге көтерілді.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, тарифтер енгізілгеннен кейін трансшекаралық сатушылар тауарларын жөнелтуге асықты, ал кейбір экспедиторлар қоймалары толып қалғанын, кедендік рәсімдеу мен жөнелтуді тездетіп жатқанын айтты. Шэньчжэнь Яньтиан портына кіретін және шығатын жүк көліктерінің саны да көбейе бастаған. Контейнерлік жүк көлігі жүргізушілері тапсырыс қабылдау үшін тоқтаусыз жүруде.
Бұл жаңа бастамаға сәйкес көптеген сыртқы сауда компаниялары АҚШ нарығына жеткізуді қайта бастады.
Осы жылдың сәуір айында бейбір зауыттар американдық тұтынушылардың тапсырыстарын өндіруді уақытша тоқтатқан болатын. Соңғы екі күнде аталған елдің тұтынушылары оларға тауарларды жөнелтуге болатынын хабарлаған. Соған сәйкес жұмысшылар цехта дайын киімдерді орап, соңғы процеске кірісіп кеткен.
«Орталық халық радиосы» басылымының дерегінше, келтірген деректеріне сүйенсек, Гуандун өлкесінің Шэньчжэнь қаласында дыбыстық аппарат өнімдерін экспорт ететін сыртқы сауда кәсіпорын жауаптысының мәліметінше, 13 мамыр күні жарты күн ішінде осы кәсіпорын 6 клиенттің тапсырысын алған.
Қорта келгенде, АҚШ кеден бажысын жоғарлатқаннан кейін, товарлардың бағасы көтеріліп, сатылу мөлшері күрт төмендеген. Енді екі күннен бері АҚШ клиенттері көп мөлшерде заттарға тапсырыс бере бастаған.