Қытайға визасыз кірген шетелдіктер үлесі 77,9%-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда 2026 жылдың бірінші тоқсанында шекарадан өту саны 13,5%-ға артты, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайға кірген туристер
Фото: Синьхуа

Қытайдың көші-қон органдары 2026 жылдың бірінші тоқсанында елге кіру және шығу саны 185 млн болғанын тіркеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға көп. Бұл туралы ҚХР Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінде айтылды.

Деректерге сәйкес, оның 91,66 миллионы — Қытайдың материктік бөлігінің тұрғындарының шекарадан өтуі. Бұл көрсеткіш 14,2%-ға артқан.

Ал Сянган (Гонконг), Аомэнь (Макао), Тайвань тұрғындары мен шетел азаматтары тиісінше 72,49 млн және 21,33 млн рет шекарадан өткен. Бұл көрсеткіштер 10,3% және 22,3%-ға өскен.

Сонымен қатар, Қытайға визасыз режиммен кірген шетелдіктердің үлесі олардың жалпы санының 77,9%-ын құрады.

Осыдан бұрын Қытайдан Қазақстанға келуші қандастар саны рекордтық деңгейге жеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар