Қытайлар көлік орнына велосипед мініп, күніне 6,6 млн литр бензин үнемдеп отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда велосипедтердің жалпы саны 200 миллионнан, ал электровелосипедтердің саны 380 миллионнан асты, деп жазады Синьхуа.

электровелосипед
Фото: freepik.com

Бұл туралы сәрсенбі күні Қытайдың велосипедтер қауымдастығы хабарлады.

Салалық ұйымның мәліметінше, Қытайдың қала мен қала маңындағы тұрғындарының күнделікті сапарларының әрбір үшіншісі велосипед немесе электровелосипед арқылы жасалады.

Велосипедтер мен электровелосипедтердің танымалдығының артуы — олардың ыңғайлылығы мен тиімділігіне, сондай-ақ экологиялық сана-сезімнің жоғарылауына байланысты. Қазір Қытай тұрғындарының көбі екі дөңгелекті көлікті көміртек қалдығы аз балама ретінде таңдай бастады.

Қауымдастықтың бағалауынша, Қытайда велосипедтер мен электровелосипедтерді қолдану арқылы күн сайын ауаға 10 мың тоннадай көмірқышқыл газының таралуының алдын алуға болады. Бұл — орта есеппен алғанда, 6,6 миллион литр бензин үнемдеумен бірдей.

Бұдан бұрын сейсенбі күні Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының жыл сайынғы инновациялық саясат рейтингінде алғаш рет үздік ондыққа кіріп, Германияны артта қалдырғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар