Қытайлық Азиада чемпионы: Әсел өте үздік спортшы, оған сәттілік тілеймін
НАГОЯ. KAZINFORM — Каратэден Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы, қытайлық спортшы Гун Ли финалдық жекпе-жектен кейін Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, қазақстандық қарсыласы Әсел Қанай туралы айтты.
Қытайлық спортшының айтуынша, олар бір-бірін өте жақсы біледі.
— Біз көп рет жекпе-жек өткіздік, бір-бірімізді жақсы білеміз. Сол себепті айқас қарқынды өтті. Ол өте үздік спортшы, одан үйренетін жақсы қасиеттері көп. Қарсыласымды күміс жүлдесімен құттықтаймын. Қателеспесем, ол алдыңғы Азия ойындарында қола медаль еншілеген еді. Жалпы, оның деңгейінің көтерілгені байқалады. Оған сәттілік тілеймін, — деді ол.
Гун Лидің айтуынша, барлық қарсылас лайықты өнер көрсетті.
— Қарсыластарымның барлығы жеңіс үшін күресті. Мен де әрқашан өз деңгейімді көтеріп, еліме алтын жүлде сыйлау үшін барымды салдым, — деді қытайлық каратэші.
Айта кетейік, Гун Ли Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Ханчжоу Азия ойындарының чемпионы. Сонымен қатар, қытайлық спортшы Әлем және Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Әсел Қанай әйелдер арасында 61 кг салмақта кумите бағдарламасында қытайлық Гун Лиға 8:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншіледі.
Жарыстан кейін қазақстандық каратэші Kazinform тілшісіне финалдық айқасы және алдағы жосапрлары туралы айтып берді.