Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын такси қызметі пайдаланылмақ
АСТАНА. KAZINFORM – 2030 жылға қарай Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын электронды аппараттар (eVTOL) отбасылық көлік немесе әуе таксиі ретінде пайдаланылады. Мұндай болжам Қытайдың экономиканы зерттеумен байланысты альянс есебінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Аталған құжатта көрсетілген мәліметтерге қарағанда, алдағы 2-3 жылдың ішінде Қытайдың ірі қалаларында eVTOL көлікке арналған желі мен оған қызмет көрсететін орындардың құрылысы аяқталмақ.
Айта кетсек, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр.
Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ.
Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.