Қытаймен шекарада «Достық-автомобиль» жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде кеден «Алакөл» бекеті құрылысының аяқталғаны туралы хабарлайды.

Қытаймен шекарада "Достық-автомобиль" жаңа өткізу пункті жұмыс істей бастады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитет мәліметіне сәйкес өткізу пункті толық көлемде 2025 жылғы 12 мамырдан бастап жұмыс істеп жатыр.

Жаңа нысан «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру» жобасы шеңберінде салынды. Бұл жобаны іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған.

Қытаймен шекарада
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

— Қазіргі заманғы «Достық-автомобиль» өткізу пункті автоматтандырылған кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлеріне арналған барлық қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жаңғыртудың негізгі нәтижелерінің бірі жолақтардың санын екіден алтыға дейін арттыру болды. Бұл өткізу қабілеттілігін тәулігіне 800 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, шекарадан өту уақыты едәуір қысқарады және халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі, — делінген таратылған ақпаратта.

Қытаймен шекарада
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Жаңа кеден бекетінің ашылуы шекара маңындағы инфрақұрылымды нығайту, ел және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетінің өткізу қабілетін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.

өткізу пункті, өткізу бекеті
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұған дейін Ақтөбедегі Жайсаң шекара бекетінде кезек көбейгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар