Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан-Қытай
Фото: Gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00–ден, 2025 жылғы 1 ақпанның сағат 08:00–ге дейін, қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

— Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұған дейін картоп экспортына қойылған шектеуге байланысты Түркістандағы шекара бекеттерінде бақылау күшейтілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, Президентке мемлекеттік шекараны қорғауға және күзетуге қатысты ақпарат берілгенін жаздық.

Қытай тұрғындары 29 қаңтарға қараған түні жаңа жылды, яғни «Чуньцзе» (көктем мерекесін) қарсы алады. Осыған орай Қытай жылан жылын қарсы алуға дайындалып жатқанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар